Қызылорда: Қазалы ауданында рухани құндылықтарға қатысты мазмұнды жиын өтті
2026 жылғы 9-11 сәуір күндері Қазалы ауданында Нұралы Бақытұлы қатысуымен бірқатар рухани-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған кездесулер аудандық қоғамдық даму бөлімі мен «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Іс-шаралар аясында Ғ. Мұратбаев, Жалаңтөс батыр, Басықара ауылдарының тұрғындарымен, сондай-ақ Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының тұрғындары, спорт, мәдениет және білім салаларының мамандарымен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, жастар тәрбиесі, дінді дұрыс түсіндіру, отбасы бірлігі және теріс ағымдардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, аудан имамдарына арналған арнайы семинар ұйымдастырылып, онда діни сауаттылықты арттыру, уағыз айту әдебі, жамағатпен жұмыс жүргізу және заманауи діни мәселелер бойынша маңызды түсіндірмелер берілді.
Аталған іс-шаралар тұрғындардың рухани танымын кеңейтіп, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталды.
Фото: «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қоры












