Қызылорда облысы­ның кітапхана саласында қарқынды даму қалыптасқандай. Қазір өңір бойынша 209 мемлекеттік кітапхана заман талабына сай қызмет көр­сетіп, өз оқырмандарын қажетті әдебиетпен қуантып келеді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

«Аймақта кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүруде. Халықтың кітап оқуға деген қызығушылы­ғының артып келе жатыр. Мұны кейінгі кездегі оң көрсеткіштен байқауға болады. Атап айтсақ, былтырғы қоры­тындымен кітапха­налар 266103 оқырманды қамты­ған. Сондай-ақ былтыр облыс кітапханаларында 10818 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оған 260 мыңға жуық адам қатысты. Мұндай іс-ша­ра­лар оқырман санын арттырып қана қоймай, рухани құндылық­тарды дәріптеуге де үлкен үлес қосып отыр», дейді Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысының мінде­тін атқарушы Айгүл Жанғабылова­.

Кітапхана басшылығының мәлімдеуінше, облыста жастарды кітапханаға тарту мақсатында жаңа форматтағы жүйелі бастама­ көп. Кітапханалардан  коворкинг орталықтарын ашу ісінде ілгерілеушілік бар. Қазір 89 кітапханада коворкинг орталығы жанданып, жастардың білім алып, шығарма­шылықпен айналысуына мүм­кіндік беретін заманауи алаңға айналған.

«Облысқа қарасты 7 ауданда ашылған «Руханият» орталықтары да кітапхана қызметінің үлкен серпін бергендей. Онда түрлі мәдени-танымдық шара өтіп тұрады. Келушілер саны да артқан. Өткен жылы Ә.Тәжібаев ат­ын­дағы облыстық әмбебап ғыл­ыми кітапханасы ғимаратына ауқымды жөндеу жүрді. Оқу залы, өнер залы, мерзімді басылымдар бөлімі, коворкинг орта­лығы мен электронды оқу залы жаңартылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жа­сал­ды. Ал Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов және Бесарық ауыл­дық кітапханалары жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жаңғыртылды. Биыл өңірдегі Ұлттық құрылтай барыс­ында Мемлекет басшысы Қызылордада заманауи кітапхана салу қажеттігін айтты. Бұл бастама сала маман­да­рына жігер сыйлап отыр», дейді басшы міндетін атқарушы.

Прези­дент пәрменімен биыл «Цифрлан­дыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялағаны мәлім. Бұл кітапхана саласына да жаңа міндет жүктеп отыр. Ал сырбойылық кітапханашылар атаулы жылы жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайда­ланып, оқырмандарға қызмет көрсетуді жетілдіруді бастап кетті. Цифрландыру бағытында облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 74 компьютер жергілікті желіге қосылып, интернет 100 мбит/сек жылдамдықта жұмыс жасап тұр. Нәтижесінде электронды каталогтағы кітап саны 400 мыңнан асқан. Ал соның ішінде қазақ тілді кітап қоры айтарлықтай мол.

Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін кітапханада 9399 кітап цифрлық форматқа көшірілген. Сол сияқты сирек қордағы 917 кітап пен облыстық газеттердің жүздеген топтамасы да цифрландырылған.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *