Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Енді коллекторлардың борышкерлермен байланыс орнату тәртібі қатаң реттелген. Атап айтқанда, олардың қоңырау шалатын күндері мен уақыты заңмен белгіленген.

«Борышкерлермен байланыс орнату уақыты нақты белгіленді. Көптеген шағымдар түсіп жатыр, сіз айтып отырғандай, демалыс күндері қоңырау шалып, адамдардың телефонына қол жеткізу жағдайлары кездеседі. Осыған байланысты біз талаптарды күшейттік: олар қай күндері қоңырау шала алатыны нақты көрсетілді, аптасына тек үш рет қана хабарласуға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, борышкермен әр сөйлесудің аудиожазбасы міндетті түрде жүргізілуі тиіс» ,— дейді Әбілқасымова.

Сонымен қатар коллекторлар бір борышкерге аптасына үш реттен артық хабарласа алмайды және әрбір сөйлесуді міндетті түрде аудиожазбасы болуы тиіс.

«Ең алдымен — тексеріс жүргізіледі. Тексеру нәтижесінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін. Әкімшілік айыппұл мөлшері шынында да онша жоғары емес, сондықтан біз бұл мәселені көтердік, олар жасайтын бұзушылықтарға сай келетіндей етіп айыппұлдарды арттыру қажет. Тиімсіз болатындай деңгейге жеткізу үшін. Екіншіден — басшылық лауазымдағы қызметкерлерді тағайындауға берілген келісімді қайтарып алу, яғни біз басшы қызметкерлерді шеттете аламыз. Үшіншіден — оларды коллекторлық агенттіктер тізілімінен толық шығару мүмкіндігі бар» ,— дейді ол.

Қазіргі уақытта елде шамамен 190 коллекторлық агенттік жұмыс істейді. Соңғы жылдары олардың саны біртіндеп азайған. Осы ретте Мәдина Әбілқасымова коллекторлық институтты толық жою мүмкін еместігін де айтты. Оның пікірінше, мұндай жүйе әлемнің көптеген елдерінде бар және ол объективті қажеттілік болып қала береді.

Фото: Ашық дереккөз

«Екі жыл бұрын проблемалық несиелерді коллекторларға сатуға тыйым салдық. Соның нәтижесінде коллекторлық агенттіктер балансындағы проблемалық қарыз алушылар саны айтарлықтай азайды. Бұрын бұл көрсеткіш 700 мыңға дейін жеткен еді (2024 жылғы дерек)» ,— дейді Әбілқасымова.

Қазір соңғы мәлімет бойынша, бұл сан екі есе қысқарып, шамамен 300–350 мың проблемалық қарыз алушы коллекторлық агенттіктер өндірісінде тұр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *