Қазақстандағы көлік саны 6 миллионға жуықтады
2026 жылдың наурыз айында Қазақстанда 170 мың автокөлік тіркелді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен айда қайта тіркеуден өткен көліктің басым бөлігі – 10 жылдан асқан автомобильдер (63%). Ал 3 жылға дейінгі жаңа көліктер үлесі 24%-ды құрады.
1 сәуірдегі мәліметке сәйкес, елдегі тіркелген автокөліктер саны 5 955,8 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 83,9%-ы – жеңіл автокөліктер. Жүк көліктерінің үлесі 8,2%, тіркемелер – 4,4%, автобустар – 1,5%, мотоциклдер – 1,2%, ал қалған 0,8%-ы басқа көлік түрлеріне тиесілі.
Отын түріне келсек, автокөліктердің 80%-ы бензинмен жүреді. Сонымен қатар, 6,6% – аралас отын қолданады, 7,6% – дизельмен қозғалады, ал 0,4%-ында газ баллоны орнатылған. Электр қуатымен жүретін көліктер саны 31 100-ге жетіп, жалпы көрсеткіштің 0,5%-ын құрады.
Фото: freepik.com












