Биыл Қазақстанда 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді
Елде газдандыру бойынша 40 жоба іске асырылып жатыр. Нәтижесінде 10 елдімекенде 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, бүгінде елімізде шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген. 2026 жылы елімізде газдандыру деңгейі 64,3 пайызға жеткізу жоспарланып отыр, өткен жыл бұл көрсеткіш 62,4% болды
40 жоба Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарын қамтып отыр.
Сонымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жалғасады. Жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізу қуатымен газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Фото: ашық дереккөз












