18-20 сәуір: Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстанда 18-20 сәуір аралығында ауа райының әр өңірде айтарлықтай айырмашылығы болады.
Оңтүстікте +28°C-қа дейін жылыса, солтүстікте салқын сақталады, ал батыста және таулы аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бұл жағдайға антициклон мен ауа массаларының алмасуы әсер етеді.
Скандинавиялық антициклонның сілемі елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, бірқалыпты аязды ауа райын сақтайды. Бірақ ауа массаларының өзгеруіне байланысты температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі, – делінген синоптиктердің хабарламасында.
Фото: Артем Чурсинов












