«Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
Алматыда әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен «Әскер барысы – 2026» атағына арналған іріктеу турнирі аяқталды. Жарыс елдің күштік құрылымдарының ең мықты өкілдерін біріктірді.
Турнирді қорғаныс министрлігінің спорт комитеті – Орталық армия спорт клубы ұйымдастырды.
Татамиге бұл жрл 18 үздік әскери спортшы шықты.
Жарыстың мақсаты – әскери қызметшілер арасында қазақ күресін насихаттау, жеке құрамның дене дайындығын арттыру, жауынгерлік рухты нығайту, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту.
Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: бірінші орынды ефрейтор Айдар Бескемпір (ҚР ҚМ Спорт комитеті – Орталық армия спорт клубы) иеленді. Екінші орын сержант Әділ Оразбаевқа (ҚР ҚМ Спорт комитеті – Орталық армия спорт клубы) бұйырды. Үшінші орынды майор Жәнібек Дүйсембаев (Ішкі істер министрлігі) алды.
Фото: ашық дереккөз












