Мобильді аударымдарға қатысты шарттар өзгеруі мүмкін.

Бұл туралы Кірістер комитеті мәлімдеді.

Қазіргі ережеге сәйкес, аударымдар тұрақты түрде үш ай бойы жалғасса және жалпы сома шамамен 1 млн 20 мың теңгеден асса, банктер салық органдарына хабарлайды.

Бірақ бұған дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ең төменгі жалақының көлемін 150 мың теңгеге дейін өсіру қарастырылып жатқанын айтқан еді. Демек, мобильді аударымдардың шекті сомасы қазіргідей 1 млн 20 мың емес, 1 млн 800 мың теңге болады деген болжам бар.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *