World Boxing: қазақстандық боксшылардың әлем кубогындағы қарсыластары кім?
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін әлем кубогында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Дүбірлі додада еліміздің атынан ерлер құрамасында Даниял Сәбит, Бағлан Кенжебек, Жансері Көшербаев, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Фарух Тоқтасынов, Санжарәлі Бегалиев, Диас Молжігітов, Сұлтан Айбарұлы, Дәулет Төлемісов шаршы алаңға шығады.
Ал әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Наталья Богданова, Жібек Жарасқызы, Валерия Аксенова бар.
Ерлер құрамасы
50 келі.1/8 финал. Даниял Сәбит — Иштван Шзака (Венгрия)
55 келі. 1/16 финал. Бағлан Кенжебек — Жирайр Саргсиян (Армения)
60 келі. 1/16 финал. Жансері Көшербаев — Джуд Галлахер (Ирландия)
65 келі. 1/16 финал. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Хассен Атиа (Тунис)
70 келі. 1/16 финал. Фарух Тоқтасынов — Джон МакКоннел (Ирландия)
75 келі. 1/4 финал. Санжарали Бегалиев — Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан)
80 келі. 1/16 финал. Диас Молжігітов- Кай Ториабе (Жапония)
85 келі. 1/4 финал. Сұлтан Айбарұлы — Паоло Карусо (Италия)
90 келі. 1/8 финал. Дәулет Төлемісов — Фильо Исайас (Бразилия)
Әйелдер құрамасы
51 келі. 1/8 финал. Алуа Балқыбекова Михаела Бадеску (Румыния) — Златислава Чуканова (Болгария) жұбының жеңімпазымен жолығады.
54 келі.1/16 финал. Назым Қызайбай — Айсен Таскин (Түркия)
60 келі. 1/8 финал. Виктория Графеева — Емили Рзаева (Әзербайжан)
65 келі. 1/8 финал. Аида Әбікеева — Виктория Жилкова (Чехия) — Мезморизе Андерсон жұбының жеңімпазымен жолығады.
70 келі. 1/8 финал. Наталья Богданова — Бусеназ Сюрменели (Түркия) — Чиара Сарайелло (Италия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
80 келі. 1/2 финал. Жібек Жарасқызы — Емилиа Котерска (Польша)
80 келіден жоғары. Финал. Валерия Аксенова — София Шира (Венгрия)
Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 01:00-де басталады.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы












