Қызылорда облысы Сырдария ауданында Ауыл аманаты жобасы аясында 53 жоба қаржыландырылып, 71 жаңа жұмыс орны құрылды, — деп хабарлайды Fastnews.kz ақпараттық сайты.

Бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Айталық, 2023–2025 жылдар аралығында аудан бойынша жалпы құны 545,9 млн теңгені құрайтын 53 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 71 жаңа жұмыс орны ашылып, 11 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Бұл көрсеткіштер ауыл экономикасының дамуына тың серпін бергені сөзсіз.

2025 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін бағдарлама аясында 486,5 млн теңгеге 63 жоба ұсынылған. Оның ішінде 36 жоба несие комитетінің қарауына ұсынылып, 25 жоба 164,3 млн теңге көлемінде қаржыландыруға мақұлданды.

Мақұлданған жобалардың негізгі бағыттары әртараптандырылған. Өңдеу саласында 11,4 млн теңгеге 3 жоба іске асырылса, омарта шаруашылығына 21,2 млн теңгеге 4 жоба бағытталған. Мал шаруашылығы бойынша 68,3 млн теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды. Сонымен қатар техника сатып алуға 32,4 млн теңгеге 3 жоба, ал өзге кәсіпкерлік бағыттар бойынша 31,0 млн теңгеге 7 жоба қолдау тапқан.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда жалпы құны 225,5 млн теңгені құрайтын тағы 27 жоба қаралу үстінде.

Жалпы алғанда, «Ауыл аманаты» жобасы Сырдария ауданында кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралына айналып, ауылдық жерлердің тұрақты дамуына өз үлесін қосып отыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *