Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Раушан Ысқақова өз сайлау округіндегі тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Арай шағын ауданының тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, жауапты сала өкілдерінің қатысуымен талап-тілектер жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, тұрғындарға атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берілді. Нәтижесінде, Бәйшешек көшесінің тұрғындары тарапынан көтерілген бірқатар мәселелер оң шешімін табуда. Атап айтқанда, коммуналдық салаға қатысты түйткілдер, арық жүйелерін реттеу, аяқ су жүргізу және арықтағы шлюздарды қайта жаңғырту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болды.
Халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарда ұстау – депутаттық қызметтің негізгі бағыттарының бірі. Алдағы уақытта да тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасатын болады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *