Алматылық блогер медициналық клиникада көз жұмды
Танымал блогер Алматыдағы жекеменшік клиникада көз жұмды Блогер Сәуле Ермаханованың жекеменшік клиникада қайтыс болғаны расталды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.













