Қарағанды облысының Шахтинск қаласында қайғылы жағдай орын алды. Гараждардың бірінде шыққан өрт салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тауып, тағы екі бала ауруханаға түсті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер бензинді темір канистрден пластик ыдысқа құйып жатқан кезде тұтану болған. Кенеттен шыққан жалын балаларды шарпыған.

Өкінішке қарай, олардың бірі ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал тағы екі жасөспірім әртүрлі деңгейдегі күйік алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *