Қытайда шахта жарылып, 90 адам көз жұмды
Қытайдың Шаньси провинциясы аумағындағы көмір шахтасында жарылыс болып, ондаған адам қаза тапты.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан 90 адам көз жұмған. Қайғылы оқиға 22 мамыр, жұма күні кешкі уақытта болған. Сол сәтте шахта ішінде 247 адам болғаны айтылады.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, тағы 9 адам үйінді астында қалып қойған. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиғадан кейін Си Цзиньпин зардап шеккендерге көмек көрсетіп, тірі қалғандарды құтқару үшін барлық мүмкіндікті жұмылдыруды тапсырды.

Фото: Ашық дереккөз












