Павлодарда жер сілкінді
Павлодар облысында жер сілкінді, — деп хабарлайды fastnews.kz ақпараттық сайты.
Оқиға бүгін сағат 11:28-де болған. Оны Сейсмологиялық зерттеу институтының станциясы ресми растады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде, Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағында орналасқан.
Айталық, Есептік қарқындылығы – 2 балл.

Фото: Ашық дереккөз












