Қызылордада автожолдардың жай-күйі мобильді зертханамен тексеріліп жатыр, — деп хабарлайды fastnews.kz ақпараттық сайты.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалы мамандары республикалық маңыздағы автожолдарды мобильді зертханамен тексеруге шықты. Қыс-көктемнен кейін жолдардың жай-күйі мен сапасын зерделеу жыл сайын жүретін маңызды процесс.
Арнайы заманауи құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертхана алдымен өңір аумағына тиесілі КАZ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолына тексеру жүргізді. Жалпы трассаның жай-күйі бірнеше параметр бойынша анықталады. Жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асатын жолды диагностикалық тексеру барысында кейбір аралығында автожолдың көлденең және тік еңістері, асфальттың кедір-бүдірлігі, ауыр жүк көліктерінен пайда болатын жол іздері мен шұңқырлар тіркелген. Бұл аймақ жолдарында жиі кездесетін кемшіліктер.
— Мобильді кешен толықтай автоматтандырылған. Бұл жүйе жасанды инттелект арқылы жұмыс істейді. Жолдың кез-келген кемшілігін аса дәлдікпен анықтап, мезетінде арнайы базаға түсіріп отырады. Яғни, адами фактор жоқ. Жолдағы көліктердің интенисвтік көрсеткішіне дейін шығарып береді. Біздің жұмыс базаға түскен ақпараттарды тізбектеп, анықталған ақауларды қайта қалпына келтіру бойынша тиісті мекемеге ұсыныс жібереміз. Және жол күтімімен айналысатын мердігер анықталған кемшіліктерді түзетіп отырады,- дейді ЖАСҰО инженері Нұржан Бекжігітов.
Қазіргі таңда орталық мамандары республикалық маңыздағы «Қызылорда-Жезқазған» автожолына диагностикалық тексеру жүргізіп жатыр. Мобильді кешен анықтаған ақаулар жол салушы мердігер компанияларға жіберіледі. Себебі, былтыр ғана ел игілігіне берілген күрежолдың 5 жылдық кепілдік мерзімі бар.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *