Түркістан облысының Леңгір қаласында қатыгез кісі өлтіру оқиғасы болды. Қараусыз қалған ғимараттан жас жігіттің мәйіті табылды. Күдікті ретінде тоғызыншы сынып оқушысы қарастырылып жатыр.

dasnews.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, қаза тапқан жігіттің жасы 20-дан асқан. Оның денесі 24 мамыр күні шамамен түскі сағат екілерде табылған. Мәйітті маңайда жүрген күзетші байқап, полицияға хабар берген. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам пышақ жарақатынан көз жұмған.

Бұл қылмыс туралы қазір бүкіл Леңгір халқы айтып жатыр. Жергілікті тұрғындарды әсіресе кісі өлтіруге кәмелетке толмаған қыздың күдікті ретінде танылуы шошытқан. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ол жақында ғана тоғызыншы сыныпты аяқтаған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде»,  деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, қыз Төле би ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектепте оқиды.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *