Кеше Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тағылымды шара өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Еске алу рәсіміне зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйым мүшелері мен жастар қатысты.
Алдымен қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалына гүл шоқтарын қойып, боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Құран бағышталып, елдің азаттығы мен болашағы үшін құрбан болған азаматтардың рухына дұға жасалды.
Фото: Жаңақорған ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *