Қызылорда облысындағы Қазалыда ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан азамат, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, еңбек ардагері Жалпақбай Нұрмағамбетовті еске алуға арналған тоғызқұмалақтан өткен республикалық турнир бүгін өз мәресіне жетті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Ұлттық спорт түрінен алты күнге созылған турнирге еліміздің Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан және барлық аудандардан келген 160-қа жуық спортшы бақ сынасқан болатын.
Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздармен қатар спортшыларға «Ең жас ойыншы», «Үздік ойыншы», ал төрешілерге «Әділ төрешілік жасағаны үшін» номинациялары мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шарасына аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов пен ардақты азаматтың жақындары қатысты.
Айта кетейік, алдағы уақытта да ауданымызда тоғызқұмалақтан арнайы турнирлер өткізіліп, ұлттық спорт түрін насихаттау, дамыту бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *