ҚЫЗЫЛОРДА: Бастауыш партия ұйымдарында кезекті есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде
«AMANAT» партиясының «Шұғыла» бастауыш партия ұйымында кезекті есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Жиынға бастауыш партия ұйымының төрайымы Раушан Ысқақова қатысып, ұйымның соңғы үш жыл ішінде атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.
Өз баяндамасында ұйым төрайымы партия бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан 13 партиялық жобаның бастауыш ұйым аясында жүйелі түрде іске асырылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, атаулы және мерекелік күндерге орай партияның қолдауымен белсенді мүшелерге арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Жиналыс барысында «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының кезекті XL (40) есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды. Олардың қатарында партияның белсенді мүшелері Гүлбахария Рүстемова мен Шолпан Байменова бар.
Жиын қорытындысында бастауыш партия ұйымының алдағы кезеңге арналған міндеттері айқындалып, партиялық жұмыстарды одан әрі жандандыру бағытындағы жоспарлар талқыланды.











