Қызылорда облысындағы Арал өңірінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты патриоттық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Рәміздер алаңында өткен мерекелік іс-шараға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері мен белсенді жастар мен тұрғындар қатысты.
Мерекелік салтанатта Ту көтеріліп, ел Әнұраны шырқалды. Рәміздер алаңында өткен іс-шарада аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы аралдықтарды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Өз сөзінде мемлекеттік нышандардың Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылығы екенін атап өткен аудан әкімі ел азаматтарын Отанын қастерлеуге, мемлекеттік нышандарды қадірлей білуге шақырды.
Патриоттық шара аясында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданып, жұртшылық алдында салтанатты түрде ант қабылдаған жас мамандарға арнайы қызметтік куәлік табысталды. Сондай-ақ Вьетнам мемлекетінің Дананг қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы U17 Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Азия чемпионы атанған грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мирас Махамбет пен жаттықтырушысы Ардақ Таңатаровқа қаржылай сыйақы тарту етілді.
Аудан әкімі мұнан соң әр салада абыройлы еңбек етіп, түрлі спорттық сайыстарда жетістіктерге жетіп жүрген бір топ азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Салтанатты шарада аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы зиялы қауыммен бірге «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылданған оқушыларға арнайы галстук тағып, қадамына сәттілік тіледі.
Мерекелік іс-шарада азаматтардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, жігерлендіре түсетін патроиттық бағыттағы әндер шырқалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Фото: Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *