Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президентін туған күнімен құттықтады,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды.

Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *