“Ауыл” партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидат ұсынды
Елордада өткен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XXVI съезінде партия Құрылтай депутаттығына ұсынылатын кандидаттардың тізімін бекітті.

Партия атынан Құрылтай депутаттығына 69 кандидат ұсынылды. Ұсынылған үміткерлердің 71%-ы ер адамдар, 29%-ы әйелдер. Сонымен қатар тізімге мүгедектігі бар 6 азамат енгізілген, бұл жалпы кандидаттар санының 8,7%-ын құрайды.

Жас ерекшелігіне келсек, кандидаттардың басым бөлігі – 35 пен 55 жас аралығындағы азаматтар. Олардың үлесі 56,5% болса, 25 пен 35 жас аралығындағы үміткерлердің үлесі 14,5% болды.

Партияның мәліметінше, бекітілген кандидаттар тізімі еліміздің түрлі өңірлері мен қызмет салаларының өкілдерін біріктіреді. Бұл партияның азаматтардың мүддесін қорғауға және өзінің бағдарламалық мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға дайын екенін көрсетеді.
Фото: Артем Чурсинов












