Табыс бастауы: Арал ауданының тұрғыны асылтұқымды мал басын көбейтуде
Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы Қызылорда өңірі, Арал ауданында да нақты нәтижесін көрсетуде, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Соның бірі –Арал ауданы, Қарақұм ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Байманов Асылбек Боранбайұлының асыл тұқымды мал шаруашылығы жобасы.
Отбасылық кәсіпке айналған жоба 10,7 миллион теңге көлемінде қаржыландырылып, қазіргі таңда кәсіпкер Ақтөбе облысынан қазақы мұғалжар жылқы тұқымын алып, өз шаруашылығын дамытуда.
Бұл бастама ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді жобалардың нақты көрінісі.
Фото: Арал аудандық АШжЖҚ бөлімі












