Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінді
Үкімет Құрылтай сайлауын өткізуге республикалық бюджет резервінен 34,3 млрд теңге бөлді. Сайлау 23 тамызға жоспарланған.
Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға республикалық бюджет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді.
Сайлауға қатысатын жеті саяси партия кандидаттарының тізіміне барлығы 546 адам енгізілген. Ең көп кандидат ұсынған – «Әділет» партиясы, оның тізімінде 186 адам бар. Одан кейін Respublica партиясы – 76, Қазақстанның Халық партиясы – 72, «Ауыл» партиясы – 69, «Ақ жол» партиясы – 63, «Байтақ» партиясы – 47 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 33 кандидат ұсынған.
Қазіргі уақытта кандидаттардың құжаттары уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды. Онда олардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Фото: Орда.кз. коллаж











