Қазақстанда халықтың темекі өнімдерін тұтынуы бойынша зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде тұрғындардың темекіні аз шеге бастағаны белгілі болды. Сауалнама Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық облыстарында өтті. Зерттеуге 15 жастан асқан азаматтар қатысқан.

Зерттелген үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 15,1%-ы темекі шегеді. Бұл 2025 жылмен (17,5%) салыстырғанда 2,4 пайыздық тармаққа аз. Ауылдық жерлерде темекі шегетіндердің үлесі 17,8%-ды, ал қалалық жерлерде 14,0%-ды құрады, — делінген сауалнама нәтижесінде.

Бюро графигінде көрсетілгендей, мәселен, 39-48 жас аралығындағы топта өткен жылы жалпы халық санының 22,7%-ы темекі шексе, биыл бұл көрсеткіш 20,7%-ды құраған. Ал 49-59 жас аралығындағы топта өткен жылы 23,7% көрсетілсе, осы жылы бұл көрсеткіш 21%-ға тең болды.

Сондай-ақ ерлер арасында халықтың 30,5%-ы, ал әйелдер арасында 4,9%-ы темекі шегетіні нақтыланады.

Шылым шегетіндер 98,6%-ы кәдімгі темекілерді тұтынса, электронды темекілерді 0,4%-ы пайдаланады. Темекіні қыздыру жүйелерін қолданатындар үлесі — 0,9%, ал темекі өнімдерінің басқа түрлерін тұтынатындар — 0,1%.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *