Аргентина Англияны жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына шықты
Аргентина құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші финалисі атанды. Атлантада өткен тартысты жартылай финалда олар Англияны 2:1 есебімен жеңді. Енді аргентиналықтар турнирдің шешуші матчында Испания құрамасымен кездеседі.
Бірінші тайм аса тартысты өтті, бірақ командалар гол соға алмады. Кездесудің бас төрешісі, америкалық Исмаил Эльфат ойыншылар арасындағы бірнеше қақтығысқа араласып, матчтың алғашқы минуттарында-ақ бірнеше сары қағаз көрсетуге мәжбүр болды.
Есеп 55-минутта ашылды. Англия құрамасының шабуылшысы Энтони Гордон Морган Роджерстің нәтижелі пасын голға айналдырып, өз командасын алға шығарды. Осыдан кейін ағылшындар қорғанысқа көбірек көңіл бөлгенімен, жеңіс есебін сақтап қала алмады.
85-минутта Энцо Фернандес Лионель Мессидің пасынан кейін айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, есепті теңестірді. Ал қосымша уақыттың соңында Аргентина капитаны тағы бір нәтижелі пас беріп, оның әуелете асырған добын Лаутаро Мартинес баспен қақпаға бағыттап, командасына 2:1 есебімен жеңіс сыйлады.
Енді Аргентина финалда Испания құрамасымен кездеседі. Финалдық матч 19 шілдеде New York New Jersey Stadium стадионында өтеді. Ал 18 шілдеде Англия мен Франция үшінші орын үшін сынға түседі.
Фото: ашық дереккөз












