Жаздың аптап ыстығында балалардың көбі өзен-көлдерге шомылуға құмар болатыны белгілі. Өкінішке қарай, осындай сергіп алудың соңы қайғылы жағдайлармен аяқталып жатыр. Көбінесе бұл шомылуға тыйым салынған жерлерде болады.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі мәліметінше, балалар көбіне арнайы жабдықталмаған, яғни адамдар өздері тауып алған жағажайларға барады. Мұндай жерлерде су түбі тексерілмеген, иірімдер мен қатты ағыс болуы мүмкін.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қаза табуына ересектердің жеткілікті бақылау жасамауы да себеп болатыны рас, әсіресе демалыс кезінде алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс қолданған жағдайда.

Шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түскені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы) жыл басынан бері 2700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонда да жағдай өзгерер емес.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды су айдындары маңында демалған кезде балаларды қатаң бақылауда ұстауға және оларды жалғыз жібермеуге үндеді.

Биылғы жаздың аптап ыстығы да бұған қосымша болып отыр. Қазгидромет синоптиктері ауа температурасы +48 градусқа дейін көтерілетінін, әсіресе Алматы, Астана және Шымкент тұрғындарының сақ болуы тиіс екенін ескертті.

Фото: Айқын

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *