Жаңақорғанда 30 МВт күн электр станциясы салынуда
Облыс әкімдігінің қолдауымен Жаңақорған кентінде қуаты 30 МВт күн электр станциясының құрылысы қарқынды жүргізілуде. «VIGOR Holding» ЖШС жүзеге асырып жатқан жоба өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды инвестициялық бастамалардың бірі.

Жоба аясында 50 гектарға жуық аумақта заманауи күн электр станциясы салынуда. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Күн электр станциясының іске қосылуы өңірде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, экологиялық таза электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға, инвестиция тартуға және ауданның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл жоба ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды инвестициялық жобалардың бірі болып саналады.













