«KEGOC» АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілген.

Қала әкімдігінің мәліметінше, шаһардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданды. Стационарлар мен медициналық ұйымдар үздіксіз қызмет ету жоспарына сәйкес жұмысын жалғастырып жатыр. Бірінші кезекте резервтік қуат көзі реанимацияларға, операциялық бөлмелерге, қабылдау бөлімшелеріне, өмірді қамтамасыз ету жүйелеріне және басқа да аса маңызды жабдықтарға берілген.

Фото: Ашық дереккөз

Алматыда метро жұмысы да қалпына келтірілді.

«Электр пойыздарының қызметі әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз», — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *