Мемлекет басшысының сөзінше, келесі аптада не болмаса 10 күннің ішінде вице-президент кім болатыны анықталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесінде журналистерге берген сұқбатында көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді.

Көбі вице-президент лауазымы туралы айтады, осыған қатысты көп сұрақ қояды. Расында мұны жаңа өзгеріс деп айтуға болады. Біз Конституциямызға осы жаңа лауазымды енгіздік. Бұл (вице-президент — ред.) өте қажет лауазым деп айтсақ, қателеспейміз, — деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, қазіргі таңда осынау бұлыңғыр заманда вице-президент лауазымы еліміз үшін керек.

Бәрі «Вице-президент кім болады?» деп сұрап жатыр. Келесі аптада не болмаса 10 күннің ішінде вице-президент кім болатыны анықталады. Мен дәл қазір кім болатынын айта алмаймын. Дегенмен сіздер жақсы білетін белгілі адам болады деп ойлаймын, — деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистің сұрағына берген жауабында.

Сонымен қатар Президент басқа да реформалар жүргізу қажет екенін атап өтті. Мысалы, Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын өзгертіп, оны күшейту немесе Халық кеңесінің жұмысын жандандыру керек.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *