Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Шыңғыс Сайранұлы 1983 жылы 29 қазанда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар», Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Құқықтану», Азаматтық авиация академиясы «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды (2006-2022).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы (2022-2024).

Соңғы тағайындауға шейін 2024 жылдың 6 ақпанынан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрі болды.

Фото: Үкімет

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *