Қазақстанда ұл балаларға да екпе салынады
Қазақстанда 2027 жылдан бастап 11 жастағы ұл балаларды адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жоспарланып отыр.
Бұл туралы Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2027 жылы адам капиталына 10,5 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңге бағытталады.
Үкімет денсаулық сақтау саласын қаржыландырумен қатар, аурулардың алдын алуға да басымдық бермек. Мәселен, 2027 жылдан бастап 4 өңірде өкпе обырын ерте анықтауға арналған жаңа скрининг түрі пилоттық режимде енгізіледі. Ал АПВ-ға қарсы вакцинация ұл балалар арасында да жүргізіледі. Қыз балаларға бұл екпе 2025 жылдан бері салынып келеді.

Фото: Ашық дереккөз












