Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи префектурасы және Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында сегізінші алтын жүлдені қоржынға салды.

Академиялық ескек есу спортынан ерлер арасында жұптық сында Владислав Яковлев және Иван Чернухин жарыс жолына шықты.
Қортындысында, отандастарымыз 6 минут 25.13 секунд уақытта мәре сызығын бірінші болып кесті.

Қытай құрамасы күміс медаль еншілесе, өзбекстандық спортшылар қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан делегациясының осы Азиададағы сегізінші алтын жүлдесі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық спортшы Абдурашид Абдуллаев ушу-санда спортынан күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта 8 алтын, 5 күміс және 8 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *