Мемлекет басшысы 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады
Мемлекет басшысы 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады, — деп хабарлайды Fastnews.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды», — делінген Ақордада жарияланған ресми хабарламада.

Фото: Ашық дереккөз












