Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізгі тірегі – ұстаздар қауымы. Бүгінде еліміздің мектептері, мектепке дейінгі және техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарында жалпы саны 600 мыңға жуық педагог еңбек етіп келеді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, олардың басым бөлігі мектептерде жұмыс істейді. Атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептерде 420 мыңға жуық педагог бар. Мектепке дейінгі ұйымдарда 104 мыңнан астам маман еңбек етсе, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 42 мыңға жуық педагог білім алушыларға дәріс береді.

Білім беру саласында әйел мамандардың үлесі басым. Бұл үрдіс білім берудің барлық деңгейінде байқалады.

Педагогтер қатарында ұзақ жылдар бойы осы салада қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі мамандардың үлесі де айтарлықтай. Мәселен, мектептерде еңбек өтілі 30 жылдан асатын 53 мыңнан астам педагог бар. Ал 73 мыңнан астам ұстаздың білім беру саласындағы еңбек өтілі 20 жылдан 30 жылға дейін жетеді.

Тәжірибелі мамандар мектепке дейінгі білім беру жүйесінде де аз емес. Бұл салада 5 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан жоғары. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 30 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан 4 мыңнан астам педагог бар.

Ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ұстаздар білім беру жүйесінде жинақталған тәжірибені кейінгі буын мамандарына жеткізіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге үлес қосып келеді.

Жалпы, педагогтердің саны мен олардың еңбек өтілі Қазақстандағы білім беру саласында тәжірибелі кадрлардың елеулі үлесі бар екенін көрсетеді. Ұстаздардың кәсіби білімі мен көп жылғы тәжірибесі білім беру сапасын қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі болып қала береді.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *