Орман – табиғаттың баға жетпес байлығы. Ол адамзатқа таза ауа беріп, жануарлар мен құстарға мекен болады. Сонымен қатар орман топырақты эрозиядан қорғап, табиғи тепе-теңдікті сақтауға үлкен үлес қосады. Алайда орман өрттері табиғатқа және адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Орман өрті – орман алқаптарында бақылаусыз таралатын алапат өрт. Оның шығуына табиғи себептермен қатар, адамның жауапсыз әрекеті де себеп болады. Мысалы, сөндірілмеген от, темекі тұқылы, қоқысты дұрыс жақпау немесе қауіпсіздік ережелерін сақтамау орман өртіне әкелуі мүмкін.

Орман өртінің алдын алу – әр адамның міндеті. Табиғат аясында демалған кезде отты толық сөндіріп, қоқыс қалдырмау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Егер орманда өрт байқалса, дереу тиісті қызметтерге хабарлау керек.

Қорыта айтқанда, орман өрті – табиғатқа, жануарларға, адам денсаулығына және экономикаға үлкен зиян келтіретін қауіпті құбылыс. Орманды қорғау – табиғатты қорғау деген сөз. Сондықтан әрқайсымыз қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, орман өртінің алдын алуға өз үлесімізді қосуымыз керек. Барсакелмес мемлекеттік табиғы қорығы қызметкерлері халық арасында, мектептерде ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау бойынша түсiндiру және үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзедi үн парақтары таратылды.

Ғ. Базарбаев Барсакелмес мемлекеттік табиғы қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет бөлімінің басшысы 

Коллаж: ЖИ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *