Биыл киіктің неше пайызы етке жіберіледі, яғни күзде қанша киікті аулауға рұқсат берілмек? Киіктердің саны қалай реттеледі? Бұл сұрақтарға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жауап берді. 

— 2026 жылғы көктемгі санақ қорытындысы бойынша киіктердің саны 4,6 млн-ға жетті. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, қайта жаңғырту және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аңдардың санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүзеге асырылады. Киіктер саны артқанын ескере отырып, бейінді ғылыми ұйым — Ғылым және жоғары білім министрлігінің Зоология институты киіктердің санын реттеу тиісті биологиялық негіздеме дайындады, — делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Осы биологиялық негіздемеге сәйкес, 2026 жылы 580 000 киікті аулау ұсынылды. Оның ішінде Орал популяциясынан — 350 000, ал Бетпақдала популяциясынан 230 000 киік қамтылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК күшімен екі тәсілмен жүзеге асырылмақ, яғни ойық ұңғылы қарумен атып алу және арнайы тормен аулау.

Бұған дейін хабарланғандай, елде ақбөкен саны 4 млн 689 мың басқа жетті.

Фото: Қазақ орманы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *