Су тасқыны кезеңіне дайындық: Елімізде негізгі су қоймаларындағы су көлемі азайып келеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізуде. Бүгінде су қоймаларында қажетті сыйымдылық көлемін дайындау жүргізіліп жатыр.
Ведомствоның мәліметі бойынша, Астана су қоймасындағы су көлемі 83%-ға дейін төмендетілді: 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылдың 3 қаңтарына дейін шамамен 5,1 млн м3 су жіберілді. Министрлік 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін қоймадағы су көлемін 300 млн м3 немесе 73%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр.



«Көктемде тасқын суды резервуарларда жинап қана қоймай, көлдер жүйесіне, табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бағыттау өте маңызды. Сол себепті суды тиімді бөлу жұмысын алдын ала жоспарлау қажет. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушылардың сұранысы толық қанағаттандырылды. Өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд м3 су берілді. Бұдан бөлек үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды», — деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
#Фастньюскз #Су #2025