Үкімет отырысында ІХ қысқы Азия ойындарына қатысушы құрамның дайындығы жайлы талқыланды. Белгілі болғандай бас-аяғы байрақты бәсекеде 138 спортшы ел намысын қорғап, 31 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл жайлы үкімет отырысында Туризм және спорт министрі мәлімдеді. Бұған қоса, хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-тректің өкілі Ольга Тихонова  ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шығатынын айтты.  

Сондай-ақ, спорт министрі баспасөз жиынында «діншіл» спортшыларға қатысты жолданған сауалға пікірін білдірді.

«Дін мәселесі бойынша арнайы жол картасы әзірленген. Сол бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгінде арнайы ұйымдардан мамандарды тартып, спортшылармен жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Әр федерация өз құрамасына жауапты», – деді ведомство басшысы.

/сурет ашық дерек көзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *