«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды

 Қазіргі таңда жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру салаларында қызмет көрсететін 87 монополист кәсіпорындағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 65%-дан 100%-ға дейін жеткен. Осыған байланысты Жобалық кеңсеге инженерлік желілер тозуын 40%-ға дейін төмендету және электр энергиясын өндірудің жаңа көздерін (қосымша 7,3 ГВт) салу міндеті қойылды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді.

 Ұлттық жоба инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге және коммуналдық қызметтерді үздіксіз ұсынуды қаматамасыз етуге бағытталған. Ұлттық жобада отандық өнеркәсіптің дамуына ерекше назар аударылып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды 100% жүктеумен қатар, 27 жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс орындарын құру жоспарланған.
Сурет: arbat.media 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Қосымша блок

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *