Астанада М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған кеш өтеді
Астанада мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, 8 ақпан күні, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Есіңе мені алғайсың» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтеді. Кеш аясында ақиық ақынның өлеңіне жазылған «Пай-пай, өмір», «Сәби болғым келеді», «Шәмші қайда?», «Мен деп ойла», «Үш бақытым» және басқа да таңдаулы әндер орындалады.