«Қазақстан халқына» қоры ерекше балаларға көңіл бөледі
«Қазақстан халқына» қоры әр өңірлерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 25 оңалту орталығын ашуды жоспарлап отыр. Әлеуметтік қолдау саласында Қор жалпы 29 жобаны іске асырмақ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев айтты.
Сонымен қатар, спорт және мәдениет саласында 14 бағдарлама мен жоба іске асырылуда. Айталық, Батыс Қазақстан облысында 25 ауылдық кітапхананы жаңғырту және оларды ауылдық коммуналдық орталықтарға айналдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауылдық жерлерде ангар үлгісіндегі 40 спорт залын салу жоспарланған. Ал, шалғайдағы елді мекендерде 100 спорт залы ашылған.
/сурет ашық дереккөзден алдынды