Қазақ ұлттық өнер университетіне К. Байсейітованың есімі берілді
Қазақ ұлттық өнер университетіне аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді. Бұл шешімді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде қабылдаған болатын.