Бүгін Астана қаласының Мемлекеттік архивіне белгілі қаламгер, тарихшы Жәди Шәкенұлы құжаттарын тапсырды. Мұнда құнды қағаздарымен қатар, әр жылдары жазылған шығармаларының қолжазба түпнұсқасы, кітаптары, әр түрлі шығармаларының көшірмелері бар.

Жазушының оқырман ықылысын тудырған «Қаралы көш», «Бозмұнар» романдары бірнеше тілге аударылған. Жазушының бұдан басқа да әдеби, зерттеу еңбектері қазақ оқырмандарына белгілі. Оның балаларға арналған мысал әңгімелері «Ана тілі» оқулығына, әңгімелері мен зерттеулері «Шынжаң қазақ әдебиеті» теориясы жинақтарына кірген. Шығармалары түрік, қытай, иран тілдеріне аударылған.

Жәди Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Өр Алтай жерінде – Ертіс өзені жағасындағы Шірікши ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстан Жазушылар одағы және  Еуразия жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан академиясының, ҚР Тарих және Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *