2 ақпан — Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов секілді ұлт зиялылары негізін қалаған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрген күн. Тарихқа үңілсек, «Қазақ» газеті ұлт мүддесі жолында халқымызды жарқын болашаққа бастай білді. Басылым қазақ қоғамының рухани дамуына орасан зор ықпал етіп, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша  1991 жылы елімізде небәрі 10 республикалық газет-журнал шығып, 21 теле-радио арна жұмыс істесе, 2025 жылғы қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақстанда қазірдің өзінде 4499 БАҚ тіркелген. Оның ішінде 2981 мерзімді басылым, 229 телеарна, 96 радиостанция, сондай-ақ 1193 ақпараттық агенттік пен интернет-басылым бар.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *