Тазы мен төбет күні: елімізде жаңа мереке пайда болады. Бұл бастаманы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұсынды.

«Тазы мен төбет – қазақтың байырғы ит тұқымдары, қазақ халқының мақтанышы, «Жеті қазынаның» бірі. Тазы адамның аң аулаудағы таптырмас көмекшісі, сонымен қатар төбет – ата-бабаларымыздың отары мен мүлкін қорғаушысы»,- делінген құжатта.

Экология министрлігі Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер жобасын дайындады. 3 қыркүйекті қазақы ит тұқымдары күні ретінде белгілеу ұсынылды.

/сурет ашық дереккөзінен алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *