Биыл 14 жаңа кинотуынды жарық көреді
Киноиндустрияда мемлекеттік қаржыландырудың кемінде 30%-ы «Қазақфильмге» бағытталады. Бұл жайлы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.
«Бұл жерде ерекше атап өткім келетіні – мемлекеттен бөлінетін әр тиынның есебі, сұрауы бар. Сондықтан, бұл қаражат сараптаудан өткен лайықты туындыларға ғана бөлінеді», – деді министр.
Былтыр 16 ұлттық фильм қалың көрерменге жол тартты. Ал биыл 14 жаңа кинотуынды прокатқа шығады. Сондай-ақ, анимация саласы да назардан тыс қалмайды. Жыл бедерінде 10 анимациялық жоба жасалып, балаларға арналған қазақша мультфильмдер өндірісі артады.
/сурет ашық дереккөзден алынды