Төрткүл әлем көзтіккен ІХ қысқа Азия ойындары аяқталды. Байрақты бәсеке Қытайдың Харбин қаласында өткен еді. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қолаға қолжеткізді. Осылайша отандық спорт саңлақтары жалпыкомандалық есепте 4-орынға жайғасты.

Айтайық, көсбасшылар көрсеткішінде Қытай бірінші орынға тұрақтады. Шығыстағы көршілеріміздің қоржынында 32 алтын, 27 күміс, 26 қола медаль бар. Екіншілікте — Корея. Олар 16 алтын, 15 күміс, 14 қола қанжығалады. Үздік үштікті Жапония қорытындылады. Жапондықтар 10 алтын, 12 күміс, 15 қола медальмен жарысты аяқтады. Бізден кейін бір алтынмен Филиппин елі бестікке енді.

Келесі қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтеді.

#Фастньюс #Фастньюскз #Фаст #Фастнюс #спорт #Харбин #Азия #2025 #Қазақстан

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *