Қызылорда облыстық мәслихатының ХХ сессиясы өтті
Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессия өтті. Келелі кеңеске өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Жиырмасыншы жиында 6 мәселе қаралды. Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталып, биылғы облыстық бюджетті алғашқы нақтылауға ұсыныс енгізді.

28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентімізге Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндадым. Мемлекет басшысы атқарылған істерге оң бағасын беріп, жұмысты күшейтуді тапсырды. Былтыр аймақта экономикалық өсім байқалды.
Осы жыл да оң нәтижелермен басталды. Қаңтар айындағы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім бар. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,1 пайызға, құрылыс жұмыстары 67,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 18,9 пайызға, тартылған инвестициялар 9,8 пайызға, жалпы сауда 2,3 пайызға, байланыс қызметі 0,2 пайызға артты.

Мұнай өндіру көлемі жыл сайын азаюда. Биылғы қаңтар айында 262,6 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1 пайызға төмендеді. Мұнай-газ саласындағы осы тенденцияны ескере келе, өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық саланы жан-жақты дамытуға басымдық берілді. Экономиканы әртараптандыруда өткен жылы өңірімізде құны 37 млрд. теңге болатын 21 инвестициялық жоба жүзеге асты. Биылға 288 млрд. 600 млн. теңгенің 33 жаңа жобасы межеленген, мыңға жуық жұмыс орны құрылады.
Жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 2024 жылы 92 пайызға жетті. Биыл 329 шақырым жол жөнделіп, көрсеткішті 95 пайыздан асыру жоспарланып отыр. Халықтың 98,6 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жетеді деген меже бар. Газбен қамту көрсеткіші қазір 78 пайыз, жыл аяғына дейін 82 пайыз болмақ.

2024 жылдың 9 желтоқсанында өздеріңізбен бірге 2025 жылға арналған облыстық бюджетті бекіттік. Бүгін алғашқы нақтылауға ұсынылуда.2024 жылдың қорытындысымен қалыптасқан бос қалдықтар, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен оңтайландырылған қаражат жобаларды қаржыландыруға қайта бағытталуда. Ұсынылған жобалардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге негізделген. Қолдауларыңызды сұраймыз», – деді Н.Нәлібаев.

Айта кету керек, соңғы жылдары облыс орталығын дамытуда, оның ішінде тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруда көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, мәдени орталықтар мен демалыс объектілерін салу қарқынды жүргізілуде. Бүгінде қаланың, аудандардың архитектуралық-сәулеттік келбетін көркейтіп, тұрғындар мен қонақтар демалып, серуендеуге қолайлы жағдай жасау, туристік әлеуетін көтеру үшін саябақтар қайта жаңғыртылады деп жоспарлануда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
#Фастньюскз #Фастнюс #Қызылорда #2025 #Мәслихан #сессия #экоминика